159 мыңдық жәрдемақы туралы ел ішінде әртүрлі әңгіме айтылып жатыр. Біздің басшылық сыналудан ешқашан жалықпайтындай. Әр ісі сенсация, әр ісі күлкіңді келтіреді.
Иә, кеше ғана Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кейбір көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақының екі есеге артатынын айтты.
«Қазір жеті баладан ары қарай жәрдемақының мөлшері біркелкі. Сондықтан, біз сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонда 8 балаға 74 мың емес – 85 мың теңге, 10 балаға – 106 мың, 15 балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады. 2020 жылға осы мақсаттарға бюджетте 177,6 миллиард теңге қарастырылған», – деді ол.
Осындайда «бұл неткен есеп?» деп таңғаласың. Олай етпеске де шара жоқ. Мұны есептегендердің ойы тым ұшқыр, фантазиясы тым бөлек дерсің. Солай. Біздің билік күлдіруден де, күлкі болудан да жалықпайды…
Карикатура авторы: Ғалым Смағұлұлы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!