«Halyqline.kz» сайты ұсынған кезекті сауалнама билік пен блогерлердің байланысына арналды. Иә, орайы келгенде айта кетейік, еліміздегі бірқатар басшылар облыс орталығының, мекеменің, т.б. оң имиджін қалыптастыру мақсатында арнайы жоба жасап, оны блогерлер арқылы насихаттап жүр. Әрине, бүгінгі блогерлер қауымын да бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады. Сондықтан, сайт оқырмандарына осы тақырып төңірегінде сауал қоюға тура келді.
«Билік блогерлерді жақсы көре ме?» деген сауалнама сайтқа 13 ақпанда орналастырылды. Алғашқыда айтқандай, қалаған нұсқаны таңдап дауыс беру екі аптаға созылды. Сауалнамада бес жауап болды.
Ойлы оқырманнан «Билік блогерлерді жақсы көре ме?» деп сұраған сауалнама қорытындысында «Олар бірін-бірі пайдаланып жүр» деген нұсқа 47%-бен көш бастады. Демек, дауыс берушілердің көпшілігі осы пікірмен келіседі. «Әрине, «шабармандарды» кім жек көрсін!?» атты келесі нұсқа 17% дауыс жинаса, оқырмандардың 15%-ы «БАҚ-қа бүйрек бұратындары да бар» деп дауыс беру батырманы басқан. Сауалнамаға қатысқандардың ішінде «Билік «жетекке еретіндерді ғана жақсы көреді» (14%) деп ойлайтындар да бар болып шықты. Ал, біз ұсынған бесінші нұсқа (Жоқ, шындық шымбайына батады) небәрі 7% ғана дауыс жинапты. Яғни, бұл сан қара халықтың жағдайынан гөрі қара басының қамын жасайтындардың көптігіне мысал бола алады.
«Halyqline.kz» сайты алдағы уақытта да сан түрлі салаға байланысты өткір сауалнама ұйымдастыратын болады. Барлық оқырманды белсенді болуға шақырамыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!