Берт Хеллингер – неміс философы және психотерапевті, «Отбасылық ережелер» атты тиімділігі жоғары атақты терапиялық тәсілдің авторы. Оның тәсілдерін бүкіл әлемнің терапевттері мен кеңесшілері қолданады. 2007 жылы Hellinger Sciencia мектебін ашты.
1. Жетістік ананың бет-бейнесінде келеді.
2. Серіктестің көзінен анамыздың жанарын іздейміз. Жынысына қарамастан.
3. Қарны қампиған адамдар ішіне анасын салып алған. Ана, мен сенен бас тартам, сондықтан ішіме салып алғам. (Егер қарын ұсқынсыз қамписа, жынысына қарамастан адамның анасына деген өкпе-реніші жазылмағаны. Арықтағыңыз келе ме? Анаңызды кешіріңіз!)
4. Әкесінің қызы еркек атаулыны сыйламайды. (Әкесін қатты жақсы көрсе, оны санамен таққа отырғызып, оның бар қылық-қасиетін жоғары бағалап жібереді. Осыдан оған тең келер еркек жоқ деп, өзгелерді місе тұтпайды).
5. Ашу – көңіл қалуды білдіреді. Әйеліне ашулану – анасына көңіл қалудан.
6. Қызғаныш – серігіңмен айырылысуға бастайтын сезім.
7. Кінәсін білу мен ұялу өлімге апарады.
8. Ішетін адам – өлгісі келгені.
9. Өзгеге жасаған әділетсіздігім менің тағдырыма айналады.
10. Өзгергеннен қайғыру жеңіл. Бақытты болу үшін жігерлі болу керек.
Аударған Шынар Әбілда
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!