Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бастық Құдай ма?

28.11.2020, 16:00 714

HALYQLINE.KZ Неге бізде бастықтың атын естісе қатқан қазықтай қағылып, бастық келе жатыр десе қоғадай жапырылады. Түсінбей-ақ қойдым осыны.

Өткенде бір съемкаға бардым. Жиынға министр қатысады. Ал, ана ұйымдастырушылар деген иненің ұшымен жүр. Әр есіктің алдында кәстөм-шалбар киген 4-5 жігіт. Бірі телефонда, бірінің қолында қағаз… былай жүріңдер, шуламаңдар, киімді мында қоймаңдар ощм, отырсақ опақ, тұрсақ сопақ қылды. Журналистер үшін бұл қалыпты жағдай екенін білмесе керек…

Министр келіп еді, топырлап жүгірді бәрі. Құрақ ұшып, аяғын жерге тигізбей қызмет қылып жүр… Шыны керек, сырттан қарап тұрған мен қысылдым… Өте ерсі. Министр шығар бірақ, ол да сіз бен біз сияқты адам ғой. Тек, оған жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауырлау бізге қарағанда. Болды.

Қысылып-қымтырылған министрді де, көрмедім. Маңғазданып келді. Амандасқан елге ернінің  ұшын ғана жыбырлатты. Өйткені, ол да  мұндай қарсы алуға үйреніп алған. Үйреттік біз.

Сыйлау, құрметтеу дұрыс қой. Бірақ, біз сол адамның өзін, істеген ісіне табынбаймыз, «бастық» деген статусына бас ұрамыз ғой… Неге? Қорқақтық па, жағымпаздық па түсіне алмай-ақ қойдым….

Білмеймін, алда-жалда мен де үлкен бастық болсам дәл осы жәйтті болдыртпас едім! Оған сенімдімін!

ПыСы: Жағымпаздықты, екіжүзділікті суқаным сүймейді

Армангүл Тоқтамұраттың фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: