HALYQLINE.KZ –| Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан қатаң шараларға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзу деректері болуда.
14 сәуір күні сағат 11:30 шамасында Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында балабақша меңгерушісі ұжымын сенбілікке шақырған. Сенбілік барысында балабақша ұжымы қызметкерлерінің бірінің туған күнін атап өтпек болады. Балабақшаның 15 қызметкері дастарқан жайып, кеш ұйымдастырады. Төтенше жағдай кезінде ескертулерге құлақ аспаған балабақшаның 15 қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігі бойынша (Төтенше жағдай режимін бұзу – карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу) әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!