Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы жүзеге асады

17.04.2023, 15:10 313

HALYQLINE.KZ Бұл туралы бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков айтып өтті.

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, олардың табысын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, жобаға қатысу ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісін жаңадан бастағандар үшін жақсы қолдау болмақ.

– Бағдарламаны іске асыру үшін 2023 жылы Қызылорда облысына 3 млрд теңге бөлінді. Ал, несиелерді беру маусым айынан бастау алады деп жоспарланған. Айта кету керек, бағдарлама аясында ауыл тұрғындары жеңілдетілген несие алып, техниканы лизингке ресімдей алады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Мәселен, несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге 2,5% жеңілдетілген мөлшерлемемен шағын несие алуға мүмкіндік береді, – деді қала әкімнің орынбасары.

Пилоттық жоба аясында микрокредиттерді беру үшін сенім білдірген өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ белгіленіп,  «Өңірлік инвестиция орталығы» МҚҰ бөлімшесі арқылы іске асырылады деп жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: