Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Шерхан Есжановтың төрағалығымен арнайы жиын өтіп, қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.
2025 жылдың 11 айдың қорытындысымен ауданда макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Ендігі мақсат — экономиканың өсім қарқынын сақтап қалу. Осы жөнінде сөз сабақтаған аудан әкімінің орынбасары Шерхан Жұбаханұлы бағдарлама әкімшілеріне жыл соңына дейін бекітілген межеге қол жеткізуге күш салуы керектігін тапсырды.
Өзге де дербес бөлімдер мен маңызды салалар бойынша көрсеткіштердің орындалуы, қаражаттардың толық игерілуі бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар міндеттеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!