HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімдігінде макро-экономикалық көрсеткіштері және қаржының игерілуі бойынша жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен өткізілген мәжіліске дербес бөлім басшылары, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы және аудандық статистика басқармасының басшылары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев ауданға тартылатын инвестиция көлеміндегі нақты құрылыс жұмыстарының үлесін анықтап, ай сайын сататистикалық есептілікке енгізілуін қамтамасыз етуді тиісті бөлімдерге тапсырды.
Сондай-ақ жиында инвестицияның көлемін өткен жылдың деңгейінде сақтап қалу мақсатында барлық мүмкіндіктерді қарастыру қажеттігі айтылды. Мәжілісте тағы бір мәселе, аудан бюджеті қаржысының сапалы, тиімді, толық және уақытылы игерілу керектігі айтылды. Қаржылардың игерілуіне күнделікті бақылау жасап, есепті мерзімде игерілмеу қаупі бар қаржылар қалыптасатын жағдайларда игерілмеу себептерін анықтап, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауды жауапты бөлімдерге тапсырды.
Оған дейін “Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы” кешенді жоспарын бекіту туралы қауылысы аясында ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобасын масштабтау тапсырмасы берілген болатын. Осы ретте, аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішевтің төрағалығымен ауданға қарасты пилоттық жобаға қатысатын ауылдық округ әкімдерімен кәсіп ашуға ынтасы бар тұрғындар және кәсіпкерлермен жиын өткізді. Жиын барысында жобамен мұқият танысқан ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бизнес идеяларымен бөлісіп, жобаны жетілдіру бойынша ұсыныстарын да жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!