Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті

25.04.2023, 9:45 371

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Темірбекұлы Есжанов мәжілісті бастамас бұрын аудандағы кадрлық өзгерістерге тоқталып өтті. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімдерді тіркеу туралы 2023 жылғы 24 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы Аққұм ауылдық округінің әкімі және Тәуіпбаев Ғалым Камидинұлы Мырзабай ахун ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Мәжілістің күн тәртібінде 2023 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту бағытындағы көрсеткіштердің орындалуы, кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы міндеттер, 2023 жылдың 1 сәуіріне салық салу базасын кеңейту бойынша атқарылған жұмыстар, Мәдениет және Еңбек ауылдық округтерінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі А.Есжанов кент, ауылдық округтер бойынша есепті мерзімге орындалмаған көрсеткіштердің ағымдағы жылдың І жарты жылдығымен оң нәтижеге қол жеткізуді және тиісті сала басшыларына анықталған кемшіліктер бойынша талдау жасап, аудан әкімінің аппаратына ақпарат ұсынуды тапсырды.

Сонымен қатар, тиісті мекеме басшылары мен жетекшілік ететін саласы бойынша аудан әкімінің орынбасарларына мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмысын жандандыруды, елді мекендерде кездесулер өткізіп, кеңірек ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін қатаң ескертті.

Аудан әкімі ең шалғайдағы ауыл тұрғындарына микрокредит беру және жеке қосалқы шаруашылықтарға кепілдік беру, сервистік-өткізу кооперативтерін ынталандыру сияқты мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпаратты жеткізу маңызды екендігін атап өтті.

Сондай ақ, кент, ауылдық округі әкімдерінің өз басын немесе табысын ойлап жүре беретін кезең өткендігін, әкімдердің өздерін сайлаған халықтың талап-тілектері мерзімінде орындалу керектігін ескертіп, кент, ауылдық округ әкімдеріне халықпен кері байланыс орнату қажеттігін тапсырды.

Мәжіліс қорытындысымен барлық ауылдық округтерде жыл соңына дейін 2 жылыжайдан салуды және елді мекенде жұмыссыз азаматтарды кәсіпкерлік бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру жөнінде тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: