Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі маңызды міндеттер бойынша тапсырма берді

05.11.2025, 17:50 111

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде аудан көлемінде газ отыны тапшылығының алдын алу, сондай-ақ қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Аудан әкімі газ отынның тұрақты жеткізілуін, сондай-ақ, қоғамдық-саяси жағдайларға жіті назар аударып, кез келген маңызды шараны алдын ала келісіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажеттігін ескертті.

Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына жұмысты күшейтіп, жауапкершілікті арттыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: