Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі елді мекендерді аралады

22.06.2020, 12:50 1007

HALYQLINE.KZ Жексенбі күні Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы ауылдық елді мекендерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұл жолы жұмыс сапары ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Жаңажол, Иіркөл, Төребай би, Қармақшы ауылдық округтері мен Қызылтам елді мекендерінде жалғасты.

Жұмыс сапары барысында кәсіпкерлік нысандарды, ауылдық елді мекендерді абаттандыру мен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатырған жұмыстарды көрді.

ІІІ Интернационал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында бірнеше нысандар жүзеге асуда. Атап айтқанда шаруашылық тарапынан тігін цехының жұмысы мен жылыжайда көкөніс өсіру сынды жаңа жобалары бүгінгі күні қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Тігін цехы қазіргі қоғамға қажетті бетперде т.б. күнделікті тауарларды шығарып, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруда.

Сонымен бірге, ІІІ Интернационал ауылдық округінде абаттандыру, көркейту-көгалдандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылған. Қазіргі таңда ауылдық елді мекенде бағдарлама аясында Қазақ көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталған.

Сапар барысында келесі нысан Жаңажол ауылдық округінде жалғасты. Ауылда қазіргі таңда «Жаңажол» шаруашылық серіктестігінің демеушілігімен бетон өндірісін қолға алу жұмыстары жүргізілуде. Темір бетон бұйымдарынан аяқ-су арықтарына арналған лоток шығарып, ауылдық елді мекенді абаттандыру бағытында өздерінің жобаларын жүзеге асыруда. Аудан басшысы шаруашылықтағы бақша, көкөніс дақылдарын өсіру алқабында болып, сапар аясында оң бағасын берді.

Сонымен бірге жұмыс сапары Иіркөл ауылдық округі мен Төребай би ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандарды аралап, елді мекендердің абаттандыру бағытындағы жұмыстарын аралап көрді. Қармақшы ауылдық округіндегі жұмыс сапары аясында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде №13 «Балбөбек» ясли балабақшасы ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Қазіргі таңда шатырын ауыстыру және еденіне бетон құю жұмыстары толық аяқталған. Осы кезеңде ғимарат сыртын қаптау және ішкі кәріз су жүйелерін орнату жұмыстары атқарылуда.

Аудан басшысы жұмыс сапары аясында аталған ауылдық округ әкімдеріне бағдарлама аясында жүргізілетін жұмыстардың сапалы орындалуын бақылап, елді мекендерді абаттандыруда нақты тапсырмаларды жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: