Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Жалағаш аудандық мәслихатының келісімімен Жалағаш ауданының әкімі лауазымына Шәменов Асылбек Өмірбекұлы тағайындалды.
А.Шәменов 1978 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған.
2007-2012 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сондай-ақ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.
2012-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
2018 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!