Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанада конституциялық комиссияның алғашқы отырысы өтті

24.01.2026, 17:15 57

24 қаңтарда Астанада конституциялық комиссияның алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Жиында енгізілуі мүмкін вице-президент институты мен халық кеңесінің (құрылтай) өкілеттіктері талқыланды.

Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Жиенбаевтың айтуынша, Президенттің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оның міндетін вице-президенттің атқаруы ұсынылып отыр. Егер вице-президент бұл өкілетті қабылдай алмаса, билік құрылтай төрағасына беріледі. Ал құрылтай төрағасы да атқара алмаған жағдайда, Президент өкілеті премьер-министрге жүктелмек.

Сондай-ақ Президент отставкаға кеткен жағдайда екі ай мерзім ішінде кезектен тыс президент сайлауын өткізу ұсынылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: