Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арнайы мәжілісте алдағы мақсат-міндеттер талқыланды

18.04.2024, 15:05 810

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте мамыр айындағы мерекелерді атап өту және кезекті оқу жылын қорытындылау мәселелері қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов мерекелер мен атаулы күндердің негізгі идеологиялық бағыттары бойынша баяндама жасады.

Аймақ басшысы іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керектігін назарға салды.

«Мамыр айы Қазақстан халқының бірлігі күнімен басталып, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні мемлекеттік мерекелеріне ұласады. Мектеп бітірушілердің Cоңғы қоңырау салтанаты, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Облыстық қоғамдық даму басқармасы қоғамдық-саяси маңызды іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу жөнінде жоспар әзірлесін. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары жоспарға енген іс-шараларды сапалы әрі мәнді етіп ұйымдастыруы тиіс. Қала, аудан, ауыл орталықтарындағы сквер, аллеялар және іс-шара өткізілетін аумақтар тазартылып, көркейтілуі керек», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп мереке күндері кезекшілік ұйымдастыру, коммуналдық қызметтердің тұтынушыларға үздіксіз көрсетілуін бақылау тапсырылды. Облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күштік құрамның күшейтілген режимдегі жұмысын үйлестіріп, рейдтер ұйымдастыруы тиіс.

Ал, облыстық білім басқармасы Соңғы қоңырау мерекесін және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысты іс-шаралар жоспарын әзірлеуге жауапты. Сондай-ақ, басқарма оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін іс-шаралар, жазғы демалыс кезінде қоғамдық тәртіпті, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал жазатайым оқиғалар мен топтық төбелестің алдын-алу мақсатында күшейтілген режимде рейд жүргізуі керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: