HALYQLINE.KZ Арал ауданында шағын және орта бизнес өкілдері мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Мысалы, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 жоба субсидияланды.
– Ауданда шағын және орта бизнес өкілдерінің саны – 4089. Өткен жылы аудандағы бөлшек сауданың көлемі 7,3 млрд теңгеге, көтерме сауда 12,2 млрд теңгеге жетті. Бұған қоса, «Агробизнес» бағдарламасы арқылы мал санын арттыруға бағытталған 32, қаржы институттары арқылы 128 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, өткен жылы жеке кәсіпкердің бастамасымен «С» және «Д» санатындағы жол бойы сервистік қызмет көрсету кешені пайдалануға берілді, – деді Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.
Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту бойынша 246 адамға сертификат табысталды. Оның ішінде, 98 адам өз кәсіптерін ашу үшін 391,1 млн теңге несие алды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру шеңберінде 374 адамға мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!