Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

13.10.2022, 15:40 366

HALYQLINE.KZ Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов Арал ауданында 9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Қарақұм ауылдық округі, Ерімбетжаға ауылы тұрғындарымен кездесті. Ел Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан басшысы өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«9 айдың қортындысымен 9,2 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайыз болды. Қазіргі кезде, аудандағы ауылшаруашылығы құрылымдарында барлығы 246 191 бас мал өсірілуде», – деді Серік Сағитжанұлы.

Ерімбетжағалықтар аудан басшысымен кездесуде байланыс желісін жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты. Өз кезегінде Серік Сермағамбетов мобилді интернет мәселесі ұдайы назарда екендігін жеткізіп, ол үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен жобалар жасалынатындығын айтты. Одан соң, аудан әкімінің жұмыс сапары Жіңішкеқұм ауылдық округі, Тоқабай елді мекенінде жалғасты. Мұнда Серік Сағитжанұлы арадагерлермен кездесіп, жеке инвестор есебінен бой көтеріп жатқан мектеп құрылысының жұмысымен танысты. Мердігер мекемеге білім ұясын сапалы әрі тиянақты жүргізу қажеттігін тапсырды. Іссапар барысында әлеуметтік мекемелердің жылыту маусымына дайындық барысы да пысықталды. Ауылдағы амбулаториялық емхананың қазіргі жағдайы сараланып, қатты отынмен қамтылу қорын жеткілікті деңгейде ұйымдастыру керектігін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: