Кеше облыстық әкімдіктің алты қабатты ғимаратында өрт шықты. От шатыр бөлігін шарпыды. Абырой болғанда, өрт жалпы алғанда жедел сөндіріліп, адам шығынына жол берілген жоқ.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, жұмыс оңай болмаған. Мамандар ғимаратқа келген сәтте әртүрлі жерде орналасқан үш ашық өрт ошағына тап болған. Бұған қоса қою түтін мен жоғары температура да кедергі келтірген. Таңертең құтқарушылар жанып жатқан ғимараттың төбесінен туды қалай түсіргендерін көрсетті.
«Құтқарушылар шатырға көтеріліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын ұқыптылықпен түсіріп алып, сақтап қалды».
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ең бастысы – қаза тапқандардың жоқ екенін айтты. Облыстық әкімдіктің шамамен 600 қызметкері уақытша қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшірілді. Алайда түстен кейін әдеттегі офлайн жұмыс форматын, мүмкін болса ішінара, қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Әкімдік мемлекеттік қызметтердің онлайн түрде еш кедергісіз көрсетілетінін мәлімдеді.
«Ғимараттың техникалық жағдайына толық баға беру үшін сарапшылар тартылды. Айта кетейін, тек ғимараттың шатыры зақымданған. Алтыншы қабаттағы кабинеттерге келген залал шамалы. Әкімдік ғимаратына соңғы рет 2022 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген, сол кезде жұмыс кабинеттері жаңартылған болатын. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, ол өрттің шығу себептерін анықтауы тиіс. Іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстарының жоспары әзірленіп жатыр. Әр кезең менің жеке бақылауымда болады», – деді Ақтөбе облысының әкімі.
Жақында әкімдік ғимаратта тазалық жұмыстары басталғанын хабарлады. Жағдай біртіндеп қалыпқа келіп жатыр.
Коллаж: Halyqline.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!