Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық қоғамдық даму бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар, халықты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары, Ақсу және Мырзабай Ахун ауылдық округтеріндегі атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы хабарламалар тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.
Мәжілісте аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жалағаш кенті әкімі мен ауылдық округ әкімдері халықтың негізгі мәселелерін уақытылы және сапалы шешуге міндетті екенін атап өтті.
Аудан тұрғындарының ең негізгі мәселелерінің бірі тұрақты жұмысқа орналасу болып табылады. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаларға қатысушы халық санын арттырып, қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер арқылы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту қажет екенін айтты. Бұл мақсатта зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тек қатысудан бұрын жүйелі түрде жұмыс жасауға бағытталған жобаларды қолдау тапсырылды.
Сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау мақсатында аудан тұрғындарын тәртіпке шақыру, табиғатты ластап жатқан қалдық су төгетін көліктерге айыппұл салу мәселесін де назарға алу ескертілді.
Мәжіліс барысында айтылған тапсырмалардың уақытында орындалуын қадағалау сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!