Бүгін Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Президент сайлауына ресми түрде тіркелген кандидаттар:
Қасым-Жомарт Тоқаев – Халықтық коалиция атынан;
Мейрам Қажыкен – «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан;
Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;
Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан;
Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлердің ұлттық альянсы» атынан;
Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі атынан.
Бүгін сағат 18.00-де үгіт-насихат жұмыстары басталды. Ол 19 қараша сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген. Кімнің аты озып келетінін әркімнің іші сезіп тұрғанымен, оны бір айдан кейін білетін боламыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!