Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматы облысының әкіміне шабуыл жасалды

09.01.2022, 19:45 320

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті оның орынбасары Ержан Бабақұмаров растады.

Әкім орынбасарының айтуынша, оқиға 6 қаңтарда болған. Бұл кезде Сағынтаев шұғыл әрекет ету штабынан шығып, әкімдікке бара жатқан. Еске салайық, дәл осы күні шаһарда жаппай тәртіпсіздіктер мен қарақшылық қызған еді. Сол күні Бақытжан Сағынтаев отырған автокөлік Назарбаев көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші солға қарай, Сәтбаев көшесіне жетпей, әкімдік ғимаратына бұрыла бергенде автоматтан оқ атылған. 

Алматы әкімі отырған көлік оқиға орнынан сытылып үлгерген. Сағынтаев жарақат алмағаны белгілі болды.

«Алайда амал не, «Алматы» телеарнасының жүргізушісі қаза болған. Оның автокөлігі әкімнің көлігінің соңынан жүріп келе жатыпты. Әкімдіктің тағы екі қызметкері жарақат алған: спорт басқармасының басшысы Рустам Байсейітов пен дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов. Оларға операция жасалған, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты», – дейді Бабақұмаров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: