Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айтыскер ақын ең жас мәжіліс депутатына шүйлікті

13.01.2021, 16:30 1013

HALYQLINE.KZ «Мади Ахметов, барлық жастардың атынан сөйлеуге хақыңыз жоқ!» деп жазды айтыскер ақын Нұрқанат Қайрат өзінің фейсбуктегі парақшасында.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастардың атынан Алматыдағы Назарбаев даңғылында еліміздің негізін қалап, оны дамытуға баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін сіздің ескерткішіңізді орнату туралы ұсынысымды қабылдауыңызды сұраймыз», – деген едіңіз! Енді жастардың атынан емес, өз атыңыздан сөйлеуіңізді талап етемін!» – дейді ол.

Айтыскер ақын жағымпаздыққа жаны қас екенін айта келе, жастарды Әлихандардың, Ахметтердің ізбасары болуға шақырады.

– Себебі, елде көзі ашық, көкірегі ояу басшыны мадақтамайтын, атаңызға ескерткіш сұрамайтын, мансаптан да, мандаттан да намысын, арын, халқын биік қоятын жастар көп!

Сіз де қазақтың баласысыз! Ешкімді балағынан тартпаймын! Қызғанбаймын! Тек Әлихандардың, Ахметтердің ізгі арманын жүзеге асыратын ізбасарлары болуға үндеймін! Жағымпаздыққа, дүниеқоңыздыққа жаным қас! – дейді айтыскер ақын.

Сөз соңында Нұрқанат Қайрат депутатты монтаж жасалынбайтын ашық дебатқа шақырған.

«Әуелі кеңесіп алмай, жалпақ жұртқа жарияламай, өзгелердің пікірін ескермей, жастардың да, халықтың да атынан бір нәрсе деуге асықпаңыздар! «Нұр отаннан» да бөлек Әділдікті сүйетін, Адалдықты жақтайтын Алаштың жұрты, жастары барын ұмытпаңыздар! Уәжіңіз болса, ешқандай монтажсыз ашық дебатқа шығуға шақырамын!» – дейді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: