Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айтпаса, сөздің атасы өлмей ме…

19.03.2021, 12:15 618

HALYQLINE.KZ

Әккі саясаткердің жеке басына ештеңе айтпаймын, тек эмоция ғана.

Ал бүгінгі бұлардың геосаяси ахуалы ойландырмай қоймайды. Мәселе Байденда! Оның нөмірі бірінші әлемдегі алып мемлекеттің билігіне келгелі, Владимир «вседержавец всеярусидің» түн ұйқысы бұзылып, Кремльдегі стратегтердің сегіз сағаттық жұмысынан түнгі он екі болмай қайтпай жүргенге ұқсайды. Уайымдайтындай күйге түсті олар, ол рас.

Егер анау-мынау әдемі аналитикалық сөздерді ысырып қойсақ, түбі осы путиндік режимді ТМД аймағында мәңгілік жою болып тұр басты мақсат АҚШ бастаған батыстың.

Белоруссиядағы, Қазақстандағы, Түркменстандағы, Өзбекстандағы саяси режим осы Мәскеудің ықпалындағы экономикалық-саяси әсерден әсте алады. Ол бір пеш сықылды тарихи-идеологиялық мерзімі бар, аталған аймақтар сол жерден жылу алады. Алмасқа болмас. Өйткені олар жылудан алыстай қалса, шығыстан аждаһа Қытай жұта салу қауіпі тағы бар.

Әрине, Қытай демекші, Байденнің алдындағы Трамптың командасы Ресейге емес Қытайға әбден шүйлігіп кеткен болатын. Осы жолы вектор Бейджиннен Мәскеуге ауысты. Себебі бар, Трамп Қытайды экономикалық кранттарды жапқанымен, Қытай өміршеңдігін көрсетті. Яғни, Қытаймен тайталасу бесполезно деген сөз.

Ал Ресей ше?! Ресейді экономикалық жағынан сындыруға болады. Екіншіден, Навальный мен Тихановксая сияқты псевдо жаңадемократиялық ойыншылар санын арттыра беру, соның арқасында Еуропалық Одақ елдерінің санкцияларын салу, счеттарын бұғаттау оңайдың оңайы. Бұдан Кремль дереу келісімге келу алаңдарын сұрай бастайды. Рас, бұл жағынан Навальный өз деректі фильмінде ақиқатын айтты, «Владимир «царьболмайқалғыр» саудаға тез келе қоятын саясаткер» деп.

Жалпы, Байденнің ақылшылары ақымақ емес, орыстың басшысының өлетін әлсіз тұстарын жақсы біледі. Он жерден қазір Кремль патриоттық-идеологиялық ұрандарды тастап, стадиондарды бала-шағамен толтырып великлоепный тарихын айтқанымен, Қырымды қалай референдуммен алды, солай референдуммен қайта Украиннаға қоса салады. Мәселе жерде тұрған жоқ, ұзақ мерзімдегі «царьболмайқалғырдың» билікте отыруы болмақ.

Ал кішкентай ғана картадағы нүкте болып тұрған Қырым мен Севестополь сауданың басты объектісі болмақ. Бұл жерде Путикең де ақымақ емес.

Ол аймақтарға жармасып та отырған жоқ. Мәселенің шешімі алдағы 1-2 жыл ғана.

Үшінші мәселе, братский народтағы біз сияқты братишкелерінің жағдайы қалай болмақ?

Егер Владимир Владимиривичтің сөзіне мән берсек, ол Ресейдің геосаяси ықпалынан «сендердің шығуларың екіталай, тыраштана бастасаңдар, біз бұны кешіре алмаймыз» дегені. Бұл жерде «Батыстың, АҚШ-тың ықпалында кетіп жұрмеңдер-еу!» деп тұрғаны, «надеюсь услышите» деп сөзін аяқтады.

Біз елімізде қайдағы бір жоқ ЛГПД деп ұсақ әңгіменің айналасында кеттік. Бірақ ЛГПД Батысқа керек, ал біздің Еуропалық одақпен әрі қарай ынтымақтастық тақырыптарында әріптестік келісімшарттары керек. Өйткені, бұл жердегі гәп егемендікті сақтап қалу. Сол баяғы Абылайдың көпвекторлы саясатын жүргізе беруіміз дұрыс.

Бұл көпвекторлық Ресейге қаншалықты ұнайтын саясат деп ойлансақ екен. Әрине бұған қызғана да, сескене де Ресей қарайды. Бастысы геосаяси ықпалынан, уысынан шығарып алмауды ойлайды.

Оларға ең зоры Түркілес елдердің бірлігі дегенді қозғай қалса елімізде, қазір-ақ Кремльден звоноктар түсе бастайды. Болмай бара жатса, Жириновский сияқтылардан тағы империалистік идеяларды БАҚ-тан шығара бастайды.

Сондықтан, не істемек керек? Осы жерде бас қатыру керек, ал бұл басқа тақырып енді…

#tengrinews

Путин вновь упомянул о ”щедрых территориальных подарках” России соседям: 19 марта 2021, 00:20 – новости на Tengrinews.kz

Мақсат  ЖАҚАУ,

аймақтанушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: