Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы сараланды

19.05.2021, 12:45 423

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жиын өтті. Жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай атқарылған жұмыстар және үстіміздегі жылдың 4 айында қалыптасқан көрсеткіштер туралы баяндады

.2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 214,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Тамақ өнімдерін өндіру 2,8%-ға, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 5,2%-ға, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 4,7%-ға жеңіл өнеркәсіп 8,6%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру 2,9 есеге, жиһаз өндіру 45,7%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 10,2%-ға артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 12,6 пайызға қамтамасыз етілді (51,3 млрд.теңге өнім өндірілді).

Есепті кезеңде өңір экономикасына 55,7 млрд. теңге инвестиция салынды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызға артық орындалған.11,2 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 157,9 пайызды құрады.155,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 113,5 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 18,2 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 2,7 пайызға өсім қамтамасыз етілді.2021 жылдың 1 мамырына 12 114 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 3348 тұрақты жұмыс орындары.

2021 жылы индустрияландыру бағдарламасының аясында облыста жалпы құны 48,5 млрд теңгені құрайтын, 506 жұмыс орындары құрылатын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда, олар: «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» («Orda Glass ltd» ЖШС), «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіру» («Қармақшы құс» ЖШС), «Ас тұзын өндіру» («Аралтұз» АҚ), «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару өндірісі» («Qazaq Qamel» ЖШС).

Сонымен қатар, 2021 жылға арналған облыс әкімінің іс-қимыл жоспарына ай сайын тұрақты мониторинг жасалуда. Іс-қимыл жоспары негізгі 6 бөлімнен тұрады, атап айтқанда: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, қолайлы бизнес ахуалды қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, адами капиталды дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту, бюджеттік саясат.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрғындардың өмір сүру сапасына әсер ететінін атап өтіп, атқарылатын жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, бюджеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалып, уақытылы игерілу қажет екенін айтты.

Пікірлер:
  • Біткен іске сыншы көп деген, тынымсыз еңбек нәтижесінде қол жеткен табыстар, облыстың тай қазанында қайнап-пісіп өз өнімін халыққа бергеніне дау жоқ, дегенмен осы мәліметтер облыстық статисика органдары шығаратын ай сайынғы әлеуметтік-экономикалық даму докладымен ұштасып отырса дұрыс болады.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: