Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы республикалық референдумда дауыс берді

15.03.2026, 10:27 26

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев №375 референдум учаскесінде Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты республикалық референдумда дауыс берді.

Қызылорда облысында 492 524 дауыс беруші тізімге енгізілген, 378 учаскеде 2642 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Қызылорда қаласында 126 учаске бар, қалғаны аудандарда орналасқан.
Учаскелер таңғы сағат 6.00-де ашылды. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден басталып, 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.

Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 49 учаскеде сурдоаудармашылар ымдау тілі қызметін көрсетуде.

Айта кетейік, азаматтар өз учаскесін 4 платформа арқылы біле алады. https://referendum.orda.gov.kz сайты және арнайы телеграм боты үздіксіз жұмыс істейді. Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында қолжетімді.

Азаматтар сайтқа кіріп, өз учаскесін анықтайды. Референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі.

Сондай-ақ 109 қызметінің диспетчерлері тұрғындар сауалдарына жауап береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: