Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы бірқатар нысандарды аралады

19.04.2022, 9:15 447

HALYQLINE.KZ Аралға барған сапарында Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы пайдалануға берілген №283 орта мектеп базасында тұрғындармен кездесіп, көкейде жүрген мәселелеріне құлақ түрді. Ауыл ақсақалдары құрылысы ұзаққа созылған аурухана құрылысын аяқтауға ықпал етуге, елді мекенді газдандыру мен жастарды жұмысқа тарту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі көтерілген мәселелердің жеке бақылауына алатынын айтып, аталған проблемаларға қажетті қаржы мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді. Мұнан соң білім ордасы ішінде ауданда апатты деп танылған балабақша мәселесін саралап, келешекте салынатын мектеп жобасын талқылады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданындағы реэкспозициядан өткен балықшылар музейіне де барды. 2000-нан астам теңіз жәдігерлері топтастырылған музейге өткен жылы облыстық бюджеттен 86 млн.теңге бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.Мұнда аудан әкімі Серік Сермағамбетов «Балықшылар» аллеясын қайта жаңғырту, аспалы теміржол өткелі, аудан бойынша автомобиль жолдары, аудандық тарихи-өлкетану музей құрылысы, аудандық мәдениет орталығына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары және көп қабатты тұрғын үйлер және кәріз су жүйесі жұмыстарын таныстырды. Сондай-ақ, облыс әкімі музей ауласында зиялы қауыммен бірге ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Облыс әкімі Арал ауданына жұмыс сапарын Қамбаш көліндегі «Аққұмшық» демалыс аймағын аралаумен қорытындылады.Көлемі 2 гектар жерді алатын туристік аймақта 104 демалыс үйі орналасқан. 22 кәсіпкер түрлі қызмет көрсету нысандарын ашса, жазғы шомылу маусымында жүзден астам адам осында жұмыс істейді. Алдағы уақытта көл суының қалпына келуіне байланысты екі жыл бұрын тоқтап қалған жағажай жұмысы қайта жанданбақ.Жағалаудың жағдайымен танысқан аймақ басшысы нысан аумағында ауыл ардагерлері мен қоғам белсенділерімен кездесті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: