Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы бірқатар нысандарды аралады

13.04.2021, 11:00 612

HALYQLINE.KZ Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар бизнес және әлеуметтік бағыттағы нысандарды аралап, жұмысын тексерді.

Алдымен аймақ басшысы «КазАгроМир» жылыжай кешенінің, ет өнімдерін шығаратын «Танкаман» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Жалпы ауданы 2,2 гектар жерде орналасқан жылыжай кешені жылына 1000 тонна қияр және қызанақ өндіреді.

Ал, «Танкаман» шаруа қожалығында жылқы малдарын өсіреді, бордақылайды және қымыз өнімін өндіреді. Мұнда 15 азамат жұмыс істеуде.

Мұнымен қоса, облыс әкімі қаладағы бірнеше шағын өндіріс орындарына барды. «Хуа Ю Интернационал» химиялық реагенттер шығаратын зауыттың, «ВЕГА-ПРОМ» желім (клей), ЖК «Қалымбетова» шұжық, «Аруана-Агролидер» ет өнімдерін шығаратын цехтарының, «Dalatex» тігін фабрикасының жұмысымен танысты.

«Хуа Ю Интернационал» химиялық реагенттер шығаратын жылына 1000 тонна өнім шығарса,, «ВЕГА-ПРОМ» желім шығаратын цех тәулігіне 50 тонна желім өндіреді. Ал, шұжық шығару цехында 12 азамат тәулігіне 5 тонна шұжық өнімін шығарады.

Құны 50 млн теңгені құрайтын «Аруана-Агролидер» ет өнімдерін шығаратын цех тәулігіне 800 тонна консервіленген ет өнімдерін әзірлейді. Ал, «Dalatex» тігін фабрикасында сағатына 7 тонна өнім тігеді. Мұнда 23 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова шағын бизнес иелеріне жұмысты одан әрі жандандырып, өнім көлемін арттыра отырып, шығарылатын өнімдерді сапалы әрі стандартқа сай етіп өндіруді тапсырды. Бұл жұмыстардың іске асырылу барысын бақылауды орынбасары Нұрлан Тілешовке жүктеді.

Мұнан кейін облыс әкімі жалпы ауданы 41,1 мың шаршы метрді құрайтын СПМК-70 тұрғын ауданында жаңадан салынып жатқан 14 кредиттік тұрғын үйдің құрылыс барысын көрді. 630 пәтерлік үйлерді салуға 8 млрд 245,7 млн теңге бөлінген.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қала әкімі Ғанибек Қазантаевқа тұрғын үй құрылысына қажет құрылыс материалдарының сапасына аса мән беруді және уақытылы аяқтауды міндеттеді.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында Ғ.Мұратбаев көшесіндегі стадион аумағын абаттандыру және «Қызылорда су жүйесі» мекемесіне жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмысын тексерді.

Абаттандыру жұмыстарына 195,0 млн теңге бөлінген. Бағдарлама аясында 75 данатүнгі жарық шам, 67 дана орындық, 67 дана қоқыс жәшігі, 1 дана су бұрқақ орналастырылып, 17 000 шаршы метр жерге брусчатка төселуде. Ал, «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің өндірістік техникалық базасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 109,7 млн теңге бөлінген. Жоба аясында 35 адам жұмыспен қамтылды.

Аймақ басшысы қала әкіміне мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлінген қаржының мақсатты жұмсалып, тиісті жұмыстарының сапалы атқарылуын қатаң бақылауға алуды жүктеді.

Нысандарды аралау барысында облыс әкімі қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілері бөлімінің жұмысын тексерді. Ғимарат 3 қабаттан тұрады. 1 қабатта – мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету және сауықтыру, 2 қабатта – мемлекеттік қызметтер көрсету, 3 қабатта – «Бақытты отбасы» отбасын қолдау блогтары орналасқан.

– Бүгінгі күні әлеуметтік сала – өзекті салалардың бірі. Жұмыссыздарды тіркеу, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, жұмыспен қамтудың төлемдерін жүргізу, қоғамдық қабылдау өткізуаса жауапты қызмет. Тұрғындарға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, дер кезінде көмек беру керек. Мемлекеттік бағдарламалардың сапалы жүзеге асырылуына аса мән беріңіздер, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: