Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әрбір іске тиянақтылық қажет

20.02.2025, 15:30 132

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда қаласы әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте екі мәселе талқыланды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алдымен жыл көлемінде аталып өтетін іс-шаралардың жоспары жан-жақты нақтыланып, оны жоғары дәрежеде ұйымдастыру пысықталды.

– Көктем айында бірқатар мерекелік күндер аталып өтеді. Оның ішінде, «Алғыс айту», «Халықаралық әйелдер күні» және «Әз Наурыз» мейрамдарын жаңашыл сипатқа бағыттауымыз керек. Халықтың талғамы ескерілуі қажет. Сондай-ақ, Жеңістің 80 жылдығы лайықты деңгейде аталып өтуі үшін осы бастан тыңғылықты дайындыққа кіріскен жөн. Ал, Қызылорданың астана болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылуына 100 жыл толу мерейтойы мазмұнды және шаһарымыздың шежіресі тарихи тұрғыда тереңнен тарқатылуы тиіс, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Шаһар басшысы екінші мәселе бойынша «Отбасының цифрлық картасына» тоқталып, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында дағдарыс және Д, Е санатындағы отбасылармен жұмысты күшейтуді тапсырды.

– Жекелеген отбасылардың дағдарыс жағдайы тұрақты зерделеуге алынып, олардың себеп-салдары анықталуға тиісті. Балалардың мектепке толық қамтылу жайы нақтыланып, ақпараттық жүйелердің мәліметтері цифрлық картада дұрыс көрсетілуі керек, – деді қала әкімі. Жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: