Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әміржан Қосан: «Үкімет отырыстары тікелей эфирде өтуі тиіс!»

29.01.2021, 11:30 783

HALYQLINE.KZ Президент Тоқаев жариялаған «еститін мемлекет» тұғырнамасында міндетті түрде «ел алдына шығып, тікелей эфирде сөйлейтін мемлекет» деген құрамдас бөлім болуы керек!

Мәселен, президенттің қатысуымен үкімет отырысы өтті. Ілуде бір болатын және де аса маңызды мемлекеттік шара!

Көтерілген мәселелер өзекті, елдің қызығушылығын туғызады. «Билік не атқарды? Не атқармақ? Үкімет қандай есеп береді екен? Президент министрлер мен әкімдерінің жұмысын қалай бағалайды? Нендей талаптар қойды? Халықтың мұңын жеткізді ме екен?» деп жұртшылық алаңдап отырды емес пе?!

Сол маңызды іс-шараны ұлттық телеарналардан онлайн режимде көрсетуге болатын еді ғой. Жұрт өз президенті мен министрлерін «тірідей» теледидардан көріп, олардың жанды болмысы мен келбетін, боямасыз эмоциясын көріп жатса, несі айып? Биліктің имиджін жақсартуда бұдан артық қандай технология бар?!

Мәселен, кеше президент халықтың көкейінде жүрген біраз жайтты айтты. Соны неге тікелей эфирде, қаз-қалпында халыққа жеткізбеді?

Пандемияны сылтауратып, президент, премьер, министрлер мен әкімдер онсыз да көпшілікпен оффлайн кездесуді қойды. Бәрі монитордың арғы жағына тығылып алды!

Ең болмаса, осындай межелі отырыстарды тікелей эфирде көрсетіп, халқының алдына шықпай ма екен? Жылына миллиардтаған халық қаржысы жұмсалатын мемлекеттік БАҚ осындайда халқына қызмет етпей ме?!

Ашу-ызаң келеді осындайда!

Түйін. Айтпақшы, президент, премьер жылына бір-екі рет барлық БАҚ өкілдерін жинап, тікелей эфирде қоғамды толғандырған өткір сұрақтарға жауап беріп отырса, нұр үстіне нұр болар еді!

Әміржан Қосановтың фейсбуктегі жазбасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: