Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың әкімдік өкілеттігінің аяқталуына 9 күн қалды. 1954 жылы дүниеге келген шенеунік жуырда (15 маусым) 69 жасқа толады.
Ахметов еліміздегі ең тәжірибелі әкімдердің бірі. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын басқарды. Премьер-министр, оның бірінші орынбасары, Қорғаныс министрі қызметтерін атқарып, бірінші президент Назарбаевтың ең сенімді кадрларының бірі болды.
Даниал Ахметов зейнет жасына келсе де, әкімдікті босатып беру ойында жоқ. Жыл басында ғана тағы 5 жыл әкім болып, бірқатар шаруалардың жайын ретке келтіру керектігін айтып, журналистерді бір шулатқан еді.
Жаңа Қазақстанның ескі кадры бір орында 9 жылдан бері келе жатыр. Енді оған тағы 5 жыл қосып, әкімдер арасында рекорд орнатуға мүмкіндігі бар-жоғы 11 мамырда белгілі болады.
Жасұлан Наурызәлі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!