Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдік отырысы өтті

10.12.2025, 12:07 33

Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – аудандық қоғамдық даму бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы бөлім басшысы Б.Смайлов хабарлама жасады. Баяндама барысында аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты екендігі айтылды. Биыл аудан бойынша қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 71 іс-шара енгізіліп, өткізілген. Ауданда барлығы 157 дана көрнекі үгіт-насихат құралдары орналастырылып, Президент Жолдауындағы басымдықтар, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» бағыттарын, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын, мемлекеттік қызмет көрсетуді, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірулерді, еңбек адамдарын насихаттауға бағытталған. Бөлім басшысы Мемлекеттік Рәміздердің талапқа сай болуы, ҮЕҰ-дардың жұмыс туралы да баяндады.

Аудан басшысы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына, әлеуметтік-саяси шиеленістердің алдын алу бағытында нақты іс-шараларды жүргізудің маңыздылығын жеткізді. БАҚ және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстарды күшейту бойынша кент және ауылдық әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына тапсырма берді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм саласында атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысы М.Ерташов баяндады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданда оқушылар және тұрғындарды қоса есептегенде 16 675 спортшы, яғни халықтың 44,04 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысуда. Ауданда спортты жаппай дамыту мақсатында 488 спорттық секция жұмыс істейді. Аудан әкімі спорттық инфрақұрылымды дамытуды, тұрғындар мен жастардың спортпен шұғылдануына барлық жағдайды жасауды, спорт нысандарының тазалығына қарауды тапсырды.

Әкімдік отырысында С.Сейфуллин ауылдық округінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ауылдық округ әкімі Б.Қыдырбаев хабарлама жасаса, күн тәртібінен тыс көлік-транзит саласын дамыту мен цифрландыру, МӘМС, санитарлық тазалыққа байланысты ескертулер, әскерге азаматтарды жөнелту мәселелері қаралды.

Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне атқарылар жұмыстардың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен бірге ақпараттық жұмысты күшейту, әлеуметтік салалардағы өзекті мәселелерді жедел шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: