Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдер халқына жақындады ма?

28.07.2021, 9:05 403

HALYQLINE.KZ

Сонымен, ауылдар өз әкімдерін сайлады. 730 ауылдың әкімі тікелей дауыс беру нәтижесінде жергілікті халықтың алдында көнсе де, көнбесе де заңның аясында әрбір ісіне жауапкершілікпен қарайтын болады.

Әкім болу кешегідей келдім+жедім+кеттім деген жүйеде емес, Иосиф Сталиннің «сынадың ба, ұсын, ұсындың ба істе, істедің бе жауап бер!» қағидасында жүреді.

Әкімдерді сайлау жағынан оң дүниелерді сарапшылар жарыса жазып жатыр ғой, соның көзге ілінгенімен бөліссем. Мысалы, саясаттанушы Эдуард Полетаевтың ойынша, бұл сайлауда «Nur Otan» өзінің соңғы парламент сайлауындағы жетістігін, жалпыұлттық саяси күш ретіндегі мәртебесін тағы бір растағаны, оған кандидаттардың лайықты құрамы 627 үміткер ұйымдастырушылық және ресурстық мүмкіндіктермен сайлау округтерінің 80%-ы қамтылғанын айтады. Хош делік.

Ал үгіт жұмыстарының ұтымдылығы ресми ақпаратта 1,2 миллион адамды қамтып, 45 мыңнан астам іс-шара өткізілген екен.

Оған қоса, саяси көшбасшылық, кері байланыс кешегі Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауы мықты обкадкамен барлық өңірлердің проблемалары зерттеліп, халықпен белсенді кездесулері ойдағыдай жүргені тағы бар.

Және жергілікті жерлердегі проблемаларын нақты білетіндік, бұған экс-әкімдердің тәжірибеге сүйене қимылдауынан айқын көреміз.

Әлбетте, бұдан жұрттың тұрақтылықты қалауы, жасалған істердің заңды жалғасын еш текетірессіз логикалық аяғына жетуіне басымдық береді.

Сөзсіз бұдан жергілікті проблеманы тек қана «Nur Otan» біледі десек, қателесерміз. Бірақ жартылай қоғамдық һәм жартылай мемлекеттік көзқараста түс көретін нұротандықтарға тиесілі десек, мойындалатын шындық. Сол үшін биліктік партияның мақсаты айқын.

Тағы бір ерекше жағдай, алдыңғы сайлаудағы сайлауалды уәделерінің 5%-ы жүзеге асырыла бастауы да нақты істің партиясы ретінде саяси жеңістің кепілі болып отыр. Полетаев айтса, осы жерде қалт айтпады, кейде келіспейтін тұстары да бар. Бірақ, жалпы саяси картина осындай…

Бұған қоса кетсем, партия басшылығының жаңаруы мен жасаруы, әйгілі праймериз идеясының жүзеге асырылуы «Nur Otan»-ның кезекті ауқымды жеңіске қол жеткізгенін көрсетеді. Бұнда сенімділік қағидасы адымдап болса да сезінерліктей айқындалуда. Бұл да мойындалатын ақиқат.

Мейлі түрлі күмәнмен айтылған ойлардың болуы заңдылық қой, алайда, бастысы жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік стратегиясы, процесі тоқтамайды. Мысық түр-түсіне қарамай, өзінің тышқан аулау функциясын атқарады. Оның шарықтау шегін сана өскенде, ұрпақ ауысқанда, жариялық тәрбиесі еселенгенде көрінеді, бұл енді уақыт еншісінде…

Мақсат  ЖАҚАУ,

аймақтанушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: