Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әбдіқалықова мұнай-газ саласы қызметкерлерімен кездесті

04.09.2020, 18:00 819

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарымен кездесті.

«Баршаңызды келе жатқан мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сыр мұнайы – экономикамыздың негізгі локомотиві болып саналады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында мұнай химиясы мен газ өңдеу өндірісін дамытуды тапсырды. Алдымызда шикі мұнайды нарыққа шығармай, оны өңдеп, мұнай-химия өнімдерін шығаратын өндіріс орындарын ашу міндеті тұр», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, өңір басшысы карантин кезінде жұмыс орнын сақтап қалған және медициналық құралдар алуға көмек көрсеткен мұнай-газ компаниляларына алғысын жеткізді.

Жаңа кен орындарын барлау мақсатында 2019-2022 жылдарға республикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлу қарастырылуда. Бұл қаржыға Шу-Сарысу, Сырдария, Оңтүстік-Торғай үш шөгінді мұнай-газ бассейнін геологиялық зерттеу жоспарланып отыр. Биыл Шу-Сарысу бассейніне 700 млн теңге бөлініп, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда аймақта 22 мұнай компаниясы жұмыс 3cntct, оның 11-і өндірумен, 11 барлаумен айналысады. Жалпы, бүгінгі күні аталмыш салада 14 мыңға жұмысшы бар.

Кездесуде Қызылорда облысының мұнай-газ саласы Қауымдастығының төрағасы Айтбай Көшербай, сала ардагері Жалғасбай Ағымов пен «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорынның бас директоры Мұстафаев Мұрат сөз сөйлеп, өз лебіздерін жеткізді.

Жиын соңында аймақ басшысы мұнай-газ саласындағы бірқатар ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады. Атап айтқанда, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Жалғасбай Ағыманов, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамының бас механигі Тұрарбек Садақбаев, «ҚазГерМұнай» Біріккен кәсіпорнының инжинері Ғабит Аймаханов, «ҚОР» мұнай компаниясы» акционерлік қоғамының бөлім бастығы Райхан Хайруллина және «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері Клара Абашева Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен марапатталды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: