Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адам саудасы бойынша комиссия отырыс өтті

21.12.2023, 15:20 533

Бүгін қала әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Исламовтың төрағалығымен адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі қалалық комиссия отырысы өтті.

Жиын барысында 4 мәселе, яғни адам саудасы құрбандарына көрсетілетін әлеуметтік қызметтер және олардың контингенті бойынша жасалған талдаулар, адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сатуға байланысты профилактикалық жұмыстар және түрлі секторлардағы құрбандарды анықтау, мониторинг пен жоспардан тыс тексерулердің, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде адам саудасына, мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген рейдтер мен профилактикалық бақылау жұмыстарының нәтижелері қаралды.

Бұдан бөлек, комиссия отырысының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Жиын қорытындысымен Дінмұхаммед Аманұлы жауапты сала басшыларына күн тәртібінде қаралған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: