Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов: «Бұдан басқа, 226 адам ұрлық, 60-сы қаруды заңсыз сақтау, 39-ы қаруларды жымқыру, 25-і бұзақылық, 21 тонау деректерімен қамауға алынды. Басқа да қылмыстық істер бойынша ұсталынған адамдар бар.
Осы жерде түсіндіріп өткен жөн болар, бір қылмыстық іс бойынша бірнеше адам, яғни сыбайлас қатысушылар болуы мүмкін.
Бұл деректер әлі де түпкілікті емес. Олар прокуратурамен ұстау негіздерін тексеру және соттарда қамауға алу істерінің қаралу нәтижесіне байланысты.
Атап айтқанда, 29 ұсталған адам бойынша соттармен қамауға алуға бас тартылған, олар қазір босатылды».
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!