10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кеңейтілген жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қаралып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері мен басым бағыттары айқындалады.
Сондай-ақ отырыс барысында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік салаларды дамыту мәселелері талқылануы жоспарланып отыр.
Үкіметтің кеңейтілген отырысы мемлекеттік саясаттың алдағы бағытын айқындайтын маңызды алаңдардың бірі саналады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!