Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Зорлау күні» – фейк

17.04.2024, 9:25 346

HALYQLINE.KZ

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демекші, соңғы күндері TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде адам айтса сенгісіз ақпараттар таралып жүр. Соның бірі 24 сәуір – Халықаралық зорлық-зомбылық күні екені туралы ақпарат.

Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

«Қазіргі уақытта «24 сәуір» туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп жазылған хабарламада.

Полиция ҚР ҚК-нің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Фото: grozny.tv

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: