Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу жүйелері жөнделді

24.08.2020, 16:10 622

HALYQLINE.KZ Жылу беру маусымы жақындап қалды. Қала ішіндегі және аудандардағы жылыту жүйелері мен қазандықтар уақытылы жөндеуден өтіп, маусымдық науқанға дайын болуы керек. Бұл ретте өңірде жылу жүйелері кезең-кезеңімен іске асуда.
Бүгінгі күнге коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 66%-ға, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтардың жөндеу жұмыстары 81%-ға орындалған. Ал, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің дайындығы 70%-ды құрайды. Мұнан өзге, Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстары іске асып, жөндеу жұмыстары 60 пайыздан асты.
Мамандардың айтуынша, қазірде тұрғындарға қажетті 25 мың тонна көмір отыны жеткізілген. Бұл ретте көмір бағасының негізсіз өспеуі маңызды. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасау жұмыстары басталған.
Жылыту жүйесін толыққанды іске қосу үшін отын қорын анықтау қажеттілігі туындайды. Алдағы жылу беру маусымында облыс бойынша 1185 әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір отыны қажет.
Айта кету керек, аймақта орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1913 нысан бар. Оның 778-і – көпқабатты тұрғын үйлер, 104-і – білім нысаны, 30-ы – денсаулық нысаны, 35-і мәдениет нысаны және шаруашылық субъектілерін құрайды.

Материалға көрнекі фото пайдаланылды

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: