Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылу беруде қандай мәселе бар?

27.11.2023, 16:52 259

Аймақта алдағы жылу беру маусымына тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар мен әлеуметтік сала нысандарының дайындығы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді. Жоспарланған жұмыстар толығымен уақыттында орындалды. Бүгінгі күні де кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Болатбек Ысмағұлов мәлімдеді.

– Осы жылы Қызылорда жылу электр орталығының 2 газотурбиналық қондырғысы мен 1 су қазандығына күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 9 бу қазандығы мен 1 бу турбинасына және 18 автономды қазандықтарға жөндеу жұмыстары 100 пайызға орындалды. Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 208 шақырым желілердің тозуы 47,5% құрайды, – деді Болатбек Әбдулхайысұлы.

Бұған қоса, республикалық бюджеттен 8 жобаға қаржы қаралған. Осы қаржыға 8,7 шақырым жылу желілері ауыстырылды. Нәтижесінде тозу көрсеткіші 2,9 пайызға төмендеді. Айта кету керек, аймақтағы барлық 1067 әлеуметтік нысан мен орталықтандырылған жылу жүйелеріне қосылған 855 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: