Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл үздіктері марапатталды

31.12.2025, 0:34 24

Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен жыл қорытындысына арналған «Үздіктер топ жарған жыл» атты салтанатты іс-шара өтіп, жыл үздіктері марапатталды.

Салтанатты іс-шарада аудан басшысы көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, биыл атқарылған жұмыстарға тоқталды.

  • «Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
    Бірлік пен бейбітшілік, ырыс пен береке сыйлаған жылан жылымен қоштасып, санаулы сәттерден соң үмітіміз бен сенімімізді арқалаған жылқы жылына қадам басқалы тұрмыз.
    Жыл тоғысында «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деп айтуымыз бекер емес. Расында, бұл жыл бізге толайым табыстар пен игілікті істер сыйлады. Берекелі бастамалар сәтті жүзеге асып, елдік мәні зор айтулы даталар кең көлемде аталып өтті. Биыл Президентіміздің, Үкіметтің, аймақ басшысының қолдауымен ауданымызда іргелі ғимараттар бой түзеп, әлеуметтік салада ауқымды әлеуметттік нысндар, халықтың күнделікті пайдаланатын инфрақұрлылымдық жобалар іске асқан жыл болды. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін» – деді аудан басшысы.

Мұнан соң жылдың қорытындысымен бірқатар аудан азаматтары марапат төрінен көрінді. Жыл көлемінде әр сала бойынша табысты еңбегімен озық шыққан бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қызылорда облысының «Құрмет» грамоталарымен, облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, еңбек ардагері Садулла Омаровқа Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілсе, бірқатар еңбек ардагерлері мен сала өкілдеріне «Жаңақорған ауданының әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар, жыл бойы өз саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген әр саланың үздіктері салтанатты шарада құрмет төріне озып, арнайы номинацияларға ие болды.

Түрлі салада ауданымыздың дамуына үлес қосқан азаматтардың мерейі тасыған кеште қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова әннен шашу шашты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: