Төтенше жағдай министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор Ұларбек Абыкеев ОКҚ-де суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелі туралы баяндама жасады.
– Су айдындарында шомылу қауіпсіздігі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, биыл жыл басынан бері 144 адам суға батып кетті. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға төмендеген. Суға кеткендердің ішінде 40 кәмелет жасына толмағандар болды. Сонымен қатар, жыл басынан бері 161 адам суға батудан құтқарылды. Құтқарылғандардың ішінде ішінде 56 кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Талдау жұмыстары көрсеткендей, суда өлімге алып келетін басты себептердің бірі – адамдардың, әсіресе балалардың қауіптің барын түсінбеуі, – деді Ұларбек Абыкеев.
Генеарл-мойордың айтуынша, суға бату фактілерінің 97%-ы шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркеледі.
– Шомылуға рұқсат етілген орындар туралы мәліметтер БАҚ-та, әкімдіктер мен әр өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайттарында орналастырылған. Осы уақытта дейін атқарылған профилактикалық, кешенді жұмыстардың қорытындысына сәйкес биыл суға бату фактілері азайған. Өкінішке қарай, соңғы 3 жылда су 1 100-ден астам адамның өмірін қиды, олардың арасында 321 бала болды, – дейді ТЖМ өкілі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!