Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл басынан 16 адам суға кетті

26.07.2024, 10:00 335

HALYQLINE.KZ

25 шілде – Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні қарсаңында елімізде «Балаларды судан қорғаңыздар!» апталық акциясы басталды. Осы акция аясында өңірде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар күшейтілуде. Жыл басынан 16 адам суға кетті. Оның 10-ы бала. Ал, суға шомылу маусымында 4 бала қаза болды.

Аталмыш акция аясында қаладағы су айдындарында рейд ұйымдастырылды.

Рейдтік іс-шараға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, Қызылорда облысының Полиция департаментінің қызметкерлері, Жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері Елболат Ахметов, «Жастар рухы – Жастар қанатының» қызметкері Ерхан Сұлтанбек, волонтёрлер қатысты.

Қатысушылар көпшілікке түсіндірме жұмысын жүргізді, су айдыны маңында құқықбұзушылық жасағандарға әкімшілік шара көрді. Жалпы, бүгінге дейін белгіленбеген су айдындарына шомылған 34 адамға әкімшілік шара көрілген.

Аталмыш рейдтік іс-шараның мақсаты жөнінде БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз туры өткізілді.

Құрметті ата-аналар! Осындай оқыс оқиғаларды, қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында сіздерден балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне немқұрайды қарамауды өтінеміз!

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: