HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты ретінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу көзделген.
Облыстық тілдерді оқыту орталығы осы бағытта тіл курстарын жүргізуде.
Бүгін “Қазақстан РТРК” АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері ағылшын тілінің Elementary деңгейін аяқтады. Оқу процесі кезінде түрлі әдістерді және LanguageGuide, Elllo, Fun Easy English, BBC Learning English тегін ресурстарының көмегімен тілдік дағдыларды (reading, speaking, writing, listening) дамытуға басымдылық берілді. Курс тыңдаушыларына сертификатты орталық директорының м.а. Айдана Махамбет табыстады. Курсты жүргізген: Әсем Какарманова – орталықтың ағылшын тілі маманы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!