HALYQLINE.KZ 2021 жылдың қарашасының басында жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдауды бастау жоспарлануда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры».
Тұрғын үй тек жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге беріледі. Яғни, 5 жылдан кейін азаматтар берілген тұрғын үйді босатуы керек. Бұл бағдарлама жастарды қолдауға бақытталған. Себебі төмен бағаға жалдамалы пәтерде тұрған азаматтар жеке баспанаға қаражат жинауға мүмкіндік алады. Бұрын тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайын 90 000 – 120 000 теңге төлеген болса, онда осы тұрғын үй үшін 5 – 15 000 теңге төлейді. Бұл жастарға өз тұрғын үйін сатып алу үшін 5 жыл ішінде ақша жинауға мүмкіндік береді.
Құжаттарды тапсыру тәсілі: тек электронды түрде (кейінірек порталдың мекенжайы жарияланады);
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылдың қараша айының басында;
Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
Тұрғын үй келесі мерзімге беріледі: 5 жыл, ұзарту құқығынсыз;
Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000 – 15 000 теңге;
Шарттары:
– 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;
– аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналастыру;
– Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;
– өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
– төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК).
Қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш берушінің ЭЦҚ кілті;
- Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы, балалары болған жағдайда) жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;
- Дипломның сканерленген нұсқасы (жоғары білім туралы диплом, мектеп аттестаты, біліктілік, арнайы-техникалық білім туралы диплом – бар дипломдардың бірі);
- . Неке қию туралы куәліктің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
- Балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
- Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда жұбайы, балаларына да);
- Жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы (меншік нысанындағы мемлекеттік органдардың «ММ», «КММ», «РММ», «МКҚК», «РМҚК», «ШЖҚ МКК», «ШЖҚ РМК» қызметкерлерінде жұмыс орнынан мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі көрсетілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі анықтама болуы тиіс);
- Еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін БЖЗҚ зейнетақы аударымдары туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
- Зейнетақы аударымдары есептелмейтін әскери қызметшілерге жұмыс орнынан Сіз тұрғын үй төлемдерін алмайтындығыңыз туралы анықтаманы қоса беру қажет;
- Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қызметтік тізімді ұсынуы қажет (болмаған жағдайда, ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың бірін ұсынуы қажет);
- Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (карточкалық шот, ағымдағы, жинақ, дебеттік шот және т. б. – бар шоттардың бірі);
- Банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірменің сканерленген нұсқасы;
- Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттың сканерленген нұсқасы;
- Жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады;
- Егер сіз еңбек демалысында немесе ауырған болсаңыз, соның салдарынан Сіздің табысыңыз соңғы 6 айдын бірінде төмендеген болса, демалыс туралы бұйрықты немесе еңбекке жарамсыздық парағын қосымша ұсыну қажет.
Қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі.
- Отбасының болуы үшін – 5 балл, Некенің әр жылы үшін – 2 балл;
- Баланың болуы үшін-1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;
- Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін -1 балл;
- нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге – 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);
- жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
- өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;
- екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтарды үшін – 2 балл.
Қосымша сұрақтар бойынша 109 (ұялы телефон арқылы) немесе iKomek +7-700-725-17-32 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!