HALYQLINE.KZ ЗК-169/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Алмат Жұманұлы азаматтарды онлайн қабылдады. Онлайн қабылдауда азаматтардан түскен өтініштердің басым көпшілігі қысқамерзiмдi және ұзақ мерзімді кездесулер жайлы, мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың еңбек жалақысы, мекеме қамауынан босап шыққаннан кейінгі жұмысқа орналасуға қатысты сауалдары болды.
Онлайн қабылдауда азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған мекеме бастығы, сұрақтарға нақты жауап берді.
Тікелей эфирде тағы бір азамат құқық қорғау саласына жұмысқа кіруге ниетін білдірсе, келесі азамат сотталған азаматтың туысы мекеме асханасының ас мәзірі бойынша ас әзірлейтін асхана жұмыскерлеріне ризашылығын және жақсы лебіздерін білдірді.
Мекеме бастығы Алмат Жұманұлы мекеменің бөлім басшыларына мекемеге келіп түскен әрбір өтінішті зерделеп, жан-жақты тексеріп, мерзімінде жауап беруді тапсырды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!