HALYQLINE.KZ Білім күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті жолдауын жеткізген болатын. Бүгінгі жолдаудың артар жүгі ауыр екені белгілі. Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелердің оң шешімін таба білді деп ойлаймын.
Жолдауда айқын мақсат пен қай салада болмасын тұрақтылық, өсу қарастырылған. Өткеннен тағылым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз. Осы жолда жұртымызға ең алдымен ауызбіршілік керек. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет екені айдан анық. Кезекті жолдаудың негізі үлкен бес бағыттан құралған екен.
Ұстаздар қауымының Президент Жолдауынан күтері көп екені рас. Осы жолғы Жолдаудың үшінші бағдары «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» деп аталады. Шынымен балалар еліміздің болашағы, мемлекетіміздің келешегі екені айдан анық. Демек, өркениетке ұмтылған қандай ел болмасын алдымен бесігін түзеуге ұмтылатыны сөзсіз. Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында алдымен ұлт сапасын жақсартуға күш салу керектігін ескерте келіп, білім саласына біршама өзгерістер ұсынды. Бұл – біз үшін жақсы мүмкіндік және қолдау.
Бірінші кезек күттірмейтін мәселе білімнің негізгі фундаменті орта білім саласын дамыту Мемлекет басшысының Жолдауында айқын көрініс таба білген. Ең маңыздысы – осы орта білім жүйесінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынуы өте құптарлық бастама. Президент өз сөзінде 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасап, осылай апатты мектептер мен үш ауысымдағы мектептер мәселесі шешілетіндігін жеткізді. Әрине, бұл қала мен ауыл мектебі оқушыларына бірдей мүмкіндік беру деп түсінер едім. Яғни, енді қала мектептеріндегі заманауи жабдықтар ауыл мктептеріне де қолжетімді болады деген сөз.
Екінші маңызды мәселе мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді етуі. Бұл ата-ана үшін аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға форманы бюджет есебінен беруі құптарлық іс.
Сондай-ақ, Ел Президенті мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға ден қою қажеттілігіне де тоқталды. Осы барлық бастамалардың жүзеге асыруына ұстаздар қауымы да аянбай еңбек етіп, Жаңа Қазақстанды құруға белсене атсалысады деп ойлаймын.Қуатты ұлттың діңгегі халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болу қажет. Бүгінгі жолдаудан түйгенім Біз таңдаған жол қиын, дегенмен мақсатымыз айқын.
Эльмира АЗАТБАЕВА,
Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицейінің директоры
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!