Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты: адам шығыны бар

14.07.2023, 14:55 265

HALYQLINE.KZ

Жол мұраты – жету. Әйтсе де жол қауіпсіздігі ережесін сақтамасаң, арты өкінішті жағдайға әкеледі. Соңғы жылдары «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізінің Қызылордадан Ақтөбеге дейінгі бөлігінің екі жолақты тасжолының тарлығы, көлік ағынының көптігі жолда апатты жағдайдың болуына әкеліп соғып жүр. Бұл мәселе қоғамдық резонанс тудырып, жұрттың жанайқайына да айналған. Талайдың тағдыры осы тасжолда талқандалып жатыр.

Бүгін де, яғни 14 шілде күні таңертең сағат 6:45-те «Самара-Шымкент» автожолының 1802 шақырымы, Қызылорда қаласы, Баймұрат ауылының тұсында жол-көлік оқиғасы болды. Сенімді дереккөзден жеткен мәліметке сүйенсек, 1969 ж.т., Қызылорда қаласының О.Б-ның басқаруындағы м/б kz 331 ACH/11 «EOS» үлгісіндегі автобусы мен Қызылорда қаласының тұрғыны, 1960 ж.т., І.С-ныңбасқаруындағы м/б kz 449 EҒА/11 «Мерседес» үлгісіндегі жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Нәтижесінде «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, 5 жолаушы (Ақтөбе қаласының тұрғыны 1999 ж.т., Р.Р, 1983 ж.т., А.О (мекенжайы анықталуда), Махамбет ауылының тұрғыны, 1994 ж.т., М.А, Қазалы ауданы, Түктібаев ауылының тұрғыны 1964 ж.т., С.Ш және РФ Рязан облысы, Сарань елді мекені тұрғыны 1961 ж.т., А.А) дене жарақаттарын алып, облыстық көпбейінді ауруханасына жатқызылған.

Осы жол-көлік оқиғасы туралы фейсбук әлеуметтік желідегі жеке парақшама жазба ретінде қалдырып едік. Сол жазбаның астына Қызылорда облысы Полиция департаменті пікір қалдырыпты. Онда: «14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылы аумағында Шымкент-Самара тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі және 3 жолаушы жарақаттарымен ауруханаға жатқызылып, оның біреуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда» делінген.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: