Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол құрылысына жауапсыздық танытқан техникалық қадағалаушы лицензиясынан айырылды

23.12.2024, 13:10 157

Биыл Қызылорда облысында жол саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жол инфрақұрылымын жақсартуға қыруар қаржы қаралып, әсіресе ауыл-аймақтың біраз көшелеріне асфальт түсті. Өңірдегі елдімекендерде 69 жоба қолдау тауып, 99 көше жөндеуден өткен.

Мемлекет қаржысына салынған жолдардың сапасының талапқа сай болуы бірінші кезекте жол құрылысына тікелей жауапты техникалық қадағалаушының басты міндеті. Бірақ, өкінішке қарай кебір мамандар өз ісіне салғырт қарап, асфальт төсеу жұмыстарына қатаң бақылау жүргізбейді. Мәселен, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мамандары биыл аудандық жолдарға тексеру жүргізіп, зертханалық зерделеу барысында 171 олқылық анықтаған. Филиал өрескел кемшіліктерге жол берген 12 техникалық қадағалаушыға шара көру туралы құзырлы мекемеге ұсыныс берген.

«Жасыратыны жоқ, жол құрылысы кезінде жоба бойынша бекітілген кейбір техникалық қадағалаушылар мүлдем бақылау жүргізбей, тіпті басы-қасында болмайды. Осыдан кейін, ешқандай талап сақталмайтыны анық. Біз жыл басынан бері 12 техникалық қадағалаушыға шара көру туралы құзырлы мекемеге ұсыныс бердік. Соның бесеуі әлі қаралып жатыр. Ал үш сын-ескертпеміз ескерілді. Өз ісіне жауапсыздық танытқан техникалық қадағалаушыға 360 АЕК айыппұл салынды, және 6 айға лицензиясынан айырылды. Сондай-ақ, мердігер мекеме де жазаланып, 738 400 теңге көлемінде айыппұл төлеп, жергілікті бюджетке өндірілді», – дейді филиалдың бөлім басшысы Ержан Усманов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: