HALYQLINE.KZ Әлем бойынша жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде болатын өлім-жітім саны алдыңғы қатарда келеді. Ол әсіресе, ірі мегаполистер мен халық шоғырланған орталықтарда көп кездесетіні анық.
– Жыл сайын әлемде жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде 1,35 миллион адам қаза табады.
– Тұрақты дамудың 2030 жылға дейінгі күн тәртібінде масштабты міндеттер қойылған: 2020 жылға қарай дүниежүзі бойынша ЖКО нәтижесіндегі өлім мен жарақаттың санын екі есе қысқарту көзделген.
– Жол-көлік оқиғалары көптеген мемлекеттердің жалпы ішкі өнімінің 3 пайызы көлеміндегі шығын келтіріп отырады.
– Әлемнің жолдарында қаза тауып жатқан азаматтардың жартысынан көбі «жол жүргіншілерінің әлсіз тобы», яғни, жаяу жүргіншілер, велосипедші және мотоцикл тебушілер болып саналады.
– Жолдардағы өлім-жітімнің 93 пайызы табысы төмен және орташа мемлекеттерге тиесілі, бірақ осындай елдерде әлемдегі барлық көлік құралдарының 60 пайызы бар.
– Жол-көлік оқиғаларының нәтижесіндегі жарақаттар 5-29 жас арасындағы азаматтардың өлімінің негізгі себебі болуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!