Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол-көлік оқиғасын болдырмайық

17.05.2024, 11:35 1113

ҚР ҚК Әскери полиция органдарының негізгі іс-шаралар  жоспарына сәйкес «Жол-көлік оқиғасыз демалыс» акциясы  аясында Қазалы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдарына  Қазақстан  Республикасы  қылмыстық кодексінің 18- тарауындағы «Әскери қылмыстық  құқық бұзушылықтар» және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодексінің негізгі талаптарын жеткізу бойынша жеке  сұхбаттар мен дәріс өткізілді.

Атап айтқанда, бөлімнің жеке құрамына көлік басқару кезінде немесе қоғамдық  орындарда алкогольді ішімдіктерді  пайдаланбау, жол қозғалысы ережесін сақтау жөнінде, ережені бұзған жағдайда әкімшілік және  қылмыстық жауапкершіліктердің бар екендігі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдарға  2024 жылғы 1-ші тоқсанда орын алған қылмыстық және әкімшілік деректер туралы жеткізілді.

Қызылорда гарнизонына қызмет
   көрсету жөніндегі әскери  полиция
бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе
офицері әділет аға лейнананты А. Жакипова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: