Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол белгілері талапқа сай емес

24.08.2022, 14:30 846

HALYQLINE.KZ «БатысЕуропа – БатысҚытай» халықаралық автодәлізінде орналасқан жол белгілерінің дені талапқа сай емес. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалының мамандары күре жолдағы 145 белгіні арнайы құрылғымен тексеріп, нәтижесінде соның 45-і ғана стандартқа сай екені анықталған.

– Жол белгілеріне немқұрайды қарауға болмайды. Өйткені, үлкен жолда әр орнатылған белгі жүргізушіге бағыт-бағдар беріп, қауіпті учаскелерді ескертетін маңызға ие. Заманауи ретрофлектор құрылғысымен тексеру барысында 100 белгінің бояуы түнгі жарыққа шағылысуы төмен екені анықталды. Жалпы жол белгісі алыстан көліктің шамына шағылысып, мен мұндалап, ондағы белгі анық көрініп тұруы керек. Мәселен, трассада жол үзілетінін, оған жетпей айналма жолға бұрылыңыз деген белгіні байқамай қалса үлкен жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші апатқа ұшырайды ғой. Міне, сондықтан жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осындай олқылықтардың алдын алу қажет. Анықталған кемшіліктер бойынша құзырлы мекемеге ұсыныс хаттар жолданып, бүгінде белгілер ауыстырылып жатыр, – дейді орталықтың сарапшысы Жолдасбек Серік.

Айта кетейік, жеті айдың қорытындысымен республикалық автожолдарда 50 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 31 адам ажал құшса, 77-сі түрлі дене жарақатын алған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: